Шымкент: «Алматы-Ташкент-Термез» және Темірлан тас жолы қиылысындағы сол жақ бұрылыстармен жүруге тыйым салынады

0
1 196

Көлік қозғалысы оң жақ өткелдер арқылы ұйымдастыратын болады.


Шымкент: «Алматы-Ташкент-Термез» және Темірлан тас жолы қиылысындағы сол жақ бұрылыстармен жүруге тыйым салынады

2020 жылдың 20 наурыз күні сағат 15-00-ден бастап, Шымкент қаласы, А-2 автомобиль жолы «Алматы-Ташкент-Термез» (Жиделі-Байсын) және Темірлан тас жолы қиылысында сол жақ бұрылыстармен жүруге тыйым салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы, А-2 автомобиль жолы «Алматы-Ташкент-Термез» және Темірлан тас жолы қиылысындағы оң жақ өткелдердің қайта құру жобасына сәйкес, келесі өзгерістер енгізіледі;

А-2 а/ж (Жиделі-Байсын) және Темірлан тас жолы қиылысындағы бағдаршам өшіріледі.

Көлік қозғалысы оң жақ өткелдер арқылы ұйымдастыратын болады.