ШЫМКЕНТ: Әскери қызметін өтеген сарбаздар үйіне қайтты

0
670

Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді.


ШЫМКЕНТ: Әскери қызметін өтеген сарбаздар үйіне қайтты

Шымкент қаласында механикаландырылған бригаданың саптық алаңында жауынгерлік тумен қоштасу үшін 130-дан астам сарбаз екі қатарлы сап түзеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұл күні саптық алаңда енді жас әскерге шақырылушылар емес, жан-жақты кәсіби дағдыларға ие болған шыныққан сарбаздар сапта тұрды. Оларды үлкен өмір жолға жіберу алдын, жылы сөздер, қоштасулар мен құттықтаулар айту үшін механикаландырылған бригаданың әскери қызметшілері мен Қарулы Күштердің ардагерлері бас қосты. Ең үздік сарбаздарға алғыс хаттар мен грамоталар табысталды.

Бөлім командирі подполковник Дастан Мұхамеджанов бригада тарихында Отанға қызмет етудің үлгісі болып табылатын жүздеген сарбаздардың, сержанттардың, офицерлер мен генералдардың тағдырлары жазылғанын атап өтті.

- Сіздер өз міндеттеріңізді адал орындап, батылдық таныттыңыздар, әскери қызметтің барлық ауыртпалықтарын табандылықпен көтердіңіздер. Сіздердің алдарыңызда әртүрлі өмір жолдары мен көптеген қызықты оқиғалар күтуде, сол кезде әскерде алған барлық білімдеріңіз бен дағдыларыңыз сізге тек алға қарай ұмтылуға көмектессін. Дендеріңіз сау болсын, - деді подполковник Дастан Мұхамеджанов.

Салтанатты рәсім, оның қатаңдығы мен ұстамдылығына қарамастан, қатысушылардың ешқайсысын бей-жай қалдырмады. Осы бригаданың қатардағы жауынгерлері мен ефрейторлары үшін өмірдегі маңызды кезең өтті – мерзімді қызмет аяқталды.

Қатардағы жауынгер Абылай Еркінбеков алғыс сөз сөйлеп, әрбір офицер мен сержанттың оларды тәрбиелеудегі еңбегін атап өтті.

- Кеше ғана әскери өмірге қадам басқан біздер, бүгінде Отан алдындағы борышымызды өтеп үйге қайтқалы тұрмыз. Бір жыл бойымызға тек қана жақсы қасиеттерді сіңіріп, қателік жасаған кезімізде бізді үйретуден жалықпаған сіздерге айтар алғысымыз шексіз! - деді қатардағы жауынгер Абылай Еркінбеков

Жауынгерлік дайындықта және қызметтік міндеттерін орындауда ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге жауынгерлік ту жанында суретке түсу құқығы берілді. Салтанатты қоштасу рәсімі бөлімнің жеке құрамының салтанатты шерумен өтуімен аяқталды.