Әскери бөлімнің жеке құрамы «жақсы» деген баға алды.
Шымкентте құрлық әскерилерінің даярлығына тексеру жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бір аптаға созылған шарада әскерилер медициналық, дене шынықтыру, және типография сияқты оқыту пәндері бойынша сынақ тапсырды. Нәтижесінде олар кәсіби шеберліктеріне қарай тиісті бағаларын алды.
Тексерудің мақсаты - әскери қызметшілердің оқу кезінде алған білімдерінің сапасын зерделеу. Және техниканың, қару-жарақтың жай-күйін анықтау. Бұл кенеттен жүргізілген тексеру барысында, әскери қызметшілердің іскерліктері мен дағдылары шыңдалды. Бір аптаға жуық жүргізілген шара барасында әскерилер тапсырмаларды толығымен орындады. Нәтижесінде, әскери бөлімнің жеке құрамы «жақсы» деген баға алды.
- Бүгінгі таңда кенеттен тексеру- бұл бөлімнің шынайы жауынгерлік дайындығын анықтаудың ең тиімді әдісі. Жауынгерлік әзірлікті кенеттен тексеру кезінде бөлімшелердің іс-қимыладарын үйлестіру, әрбір жауынгердің өз борышын түсінуі және жүктелген міндеттемелерді шебер орындауы, сондай-ақ командирлердің отты басқаруын ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды, - деді комиссия төрағасы Александр Әшіров.