ШЫМКЕНТ: Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініштерді жыл соңына дейін өткізуге болады

0
3 372

Қазірде қалада атаулы әлеуметтік көмек аламын деушілердің құжаттары бірнеше мекенжайда қабылданып жатыр.


ШЫМКЕНТ: Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініштерді жыл соңына дейін өткізуге болады

ERNUR.KZ Шымкент қаласында атаулы әлеуметтік көмек алу бойынша өтініштер жыл соңына дейін қабылданады, деп хабарлайды "Шымкент келбеті" газеті.


Қазіргі таңда, өтініштер Бәйтереков көшесі, 89 мекен-жайында орналасқан Шымкент қаласы халықты жұмыспен қамту орталығында Қаратау мен Абай аудандарының тұрғындарын;

Еңбекші ауданы, Қапал батыр көшесі, 4 - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында;

Абай ауданы, Мәделі қожа көшесі, 1г - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында;

Әл-Фараби ауданы, Республика даңғылы, н/з - Халыққа қызмет көрсету орталығында;

Қаратау ауданы, Нұрсәт м/а, Бәйдібек би, 60 – аудан әкімдігі сынды мекен-жайлары бойынша қабылдауда.