Онлайн-форматқа қандай ұйымдар көшкенін 2ГИС-тен көруге болады.
Шымкент автомектептерінің 40 пайызы онлайн-форматқа көшті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2ГИС компаниясының мәліметтері бойынша, тіркелген 30 автомектептің 12-сі ғана карантин кезеңінде онлайн режимінде жұмыс істеуді жалғастырды.
Шымкентте карантин 25 мамырға дейін ұзартылды, сондықтан қала тұрғындарының әлі де онлайн оқуды бастауға мүмкіндігі бар - ыңғайлы әрі үй жағдайында.
Онлайн-форматқа қандай ұйымдар көшкенін 2ГИС-тен көруге болады. Ол үшін сізге іздеу жолына "Автомектеп" сөзін енгізіп, тізімді берген кезде жоғарғы оң жақ бұрышындағы "Онлайн" батырмасын басу арқылы фильтрді пайдалану қажет.