Өртті өшіру үшін 41 адам, 5 техника жұмылдырылған.
Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы 30 соттық жер өртенді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгін сағат 12.25-те Шымкент қаласы ТЖД жедел кезекшілері басқармасының пультіне Шымкент қаласы Еңбекші ауданы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы «Бал-текстиль» ЖШС аумағында өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен. Өрт салдарынан қалқа астындағы 35 дана ағаш табандықтарға өтетін ауданы шамамен 30 соттық құрғақ шөп өртенген.
Шымкент қаласы ТЖД баспасөзінің мәлімдеуінше, өрт 12.39-да оқшауланып, 41 адам және 5 бірлік техниканың күшімен 12.46-да толығымен сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.
Қазір өрт себебі анықталып жатыр.