ШЫМКЕНТ: Батыс шағынауданындағы су құбырын тарту жұмыстарының 80%-ы аяқталды

0
637

Құрылыс жұмысы толығымен 2021 жылдың қараша айында аяқталады деп жоспарлануда.


ШЫМКЕНТ: Батыс шағынауданындағы су құбырын тарту жұмыстарының 80%-ы аяқталды

Шымкент қаласының Батыс шағынауданын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында мердігер «Мелиоратор» мекемесі тарапынан өткен жылы құрылыс жұмыстары басталған болатын, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ұзындығы 151,47 шақырым ауыз су жүйесі құрылысының бүгінде 80 пайыз жұмысы аяқталды. Құрылыс жұмысы толығымен 2021 жылдың қараша айында аяқталады деп жоспарлануда.
Сондай-ақ, Батыс шағынауданын сапалы электр қуатымен қамту мақсатында мердігер мекеме «Turan Energo Group» тарапынан 2021 жылдың мамыр айында құрылыс жұмысы басталды.