ШЫМКЕНТ: Бес жылда 4,6 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланып жатыр

0
398

Биылғы жылғы жоспар бойынша 538 млрд. теңгеге жеткізу көзделуде.


ШЫМКЕНТ: Бес жылда 4,6 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланып жатыр

Шымкентте былтырғы жылы қала экономикасына 462 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 60,3 пайызға артты, дее хабарлайды ERNUR.KZ.

Биылғы жылғы жоспар бойынша 538 млрд. теңгеге жеткізу көзделуде. Жалпы алдағы 5 жылда 4,6 трлн. теңге инвестиция тарту жоспарлануда.
Мегаполисте 2021-2025 жылдарға жалпы құны 2,7 трлн. теңгені құрайтын 20 мыңнан аса жаңа жұмыс орнымен 296 инвестициялық жобаның пулы жасақталған. Оның ішінде 2022 жылы 241 млрд. теңгеге 65 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделуде. Ал, 2021 жылы 100 млрд. теңгеге 54 инвестициялық жоба жүзеге асты.
Бұдан бөлек, кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында өткен жылы 16,1 млрд. теңгеге 593 жұмыс орнын құрумен 15 жоба іске қосылса, биылғы жылы 52,3 млрд. теңгеге 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орнымен 16 инвестициялық жобаны іске қосу күтілуде.