Шымкент қаласындағы Тұран ауданында инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қарқынды жалғасуда.
Өткен жылы аудан көлемінде ауқымды жұмыстар атқарылып, 42 көшеге асфальт төселді, ал тағы 49 көшеге шағал тас төселіп, жол сапасы жақсарды. Сонымен қатар, 39 көшеде ұзындығы 21,3 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолдары салынды.
Бұл шаралар аудан тұрғындарының жол жүру қауіпсіздігін арттырып, инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған.