Министрдің сөзінше, ғимаратта дәрі өндіруге арналған химиялық заттар көп мөлшерде сақталған.
ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Шымкенттегі перзентхана маңындағы дәріханада болған жаралыстың бірнеше себебін атады, деп жазады Stan.kz.
Министрдің сөзінше, ғимаратта дәрі өндіруге арналған химиялық заттар көп мөлшерде сақталған.
"Бір нұсқа бойынша жарылысқа сутегінің асқын тотығы себеп болуы мүмкін. Келесі – күзет компаниясы жүргізген тергеу кезінде қозғалыс анықталған, нысанда сезбектер іске қосылған. Қасақана жасалуы мүмкін деген нұсқа да қарастырылып жатыр", - деді министр үкімет кулуарында.
Айта кетейік, 21 мамырда Шымкенттегі перзентхана маңындағы дәріханада жарылыс болған еді.