Жолайрық құрылысының ІІ кезеңі басталды.
Шымкентте 20 қаңтардан бастап жолайрық құрылысының ІІ кезеңінің басталуына байланысты Д.Қонаев пен Т.Рысқұлов көшелері жабылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов әлеуметтік парақшасында хабардар етті.
Жауапты басшысының айтуынша, «Роял» клубы тұсынан Т.Рысқұлов көшесіне дейін және Бәйдібек би даңғылы Т. Рысқұлов көшесінен М.Дулати көшесіне дейін. Көлік ағыны М.Дулати, Қазыбек би, Байырқұм, А.Байтұрсынов көшелеріне бағытталып ұйымдастырылады.
- Бозарық елді мекенінен қалаға қарай бағытта Бәйдібек би, Байырқұм, көшелерімен, қаладан Бозарыққа қарайғы бағытта Қазыбек би, Т. Рысқұлов, Т.Бәйтереков, Е.Жәнібеков және М.Дулати көшелерімен жүруге болады.
Д. Қонаев даңғылының батыс жағындағы үйлер мен ғимараттарға көлік қозғалысы А.Байтұрсынов және С.Жандосов көшелерінен ұйымдастырылады.
Д.Қонаев көшесі арқылы жүретін №152 және №135 автобустардың қозғалыс сызбалары С.Жандосов, А.Байтұрсынов, Т.Рысқұлов көшелері арқылы өзгеретін болады.
Жолайрық құрылысын қарашада толық аяқтап, пайдалануға беруді көздеп отырмыз.
Осы ретте, қала тұрғындарынан құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, туындайтын уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, деген хабарламады.