Жарысқа Шымкент қаласынан 18 спортшы қатысты.
Шымкентте ел чемпионатында жүлде алған таеквондошыларға федерация тарапынан бағалы сыйлықтар табыс етілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Талдықорған қаласында Олимпиадалық таеквондодан (WT) ересектер арасында ҚР чемпионаты өтті.
Жарысқа Шымкент қаласынан 18 спортшы 12 салмақ дәрежесінде қатысып, 4 алтын, 5 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды. Бұдан басқа олар командалық жүйедегі бас жүлдені құрама қоржынына салды.
Туған елге жеңіспен оралған жеңімпаздарды, таеквондо федерациясының президенті Нұрсұлтан Рашидұлы арнайы құттықтап, марапаттады. Жеңімпаз спортшыға федерация тарапынан бағалы сыйлықтар табыс етілді.
КШВСМ спорт кешенінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттауға арналған рәсім өтті. Салтанатты жиынға Шымкент құрама командасының бас бапкері Давран Розметов, федерацияның атқарушы директоры Бектұр Өтебаев қатысып, жеңімпаздарды құттықтады.