Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданында жер учаскелерін заңсыз иеленген және уақытша алынған мемлекеттік жерді уақытылы қайтармаған тұлғалардың нысандары бұзылды.
Құзырлы мемлекеттік органдардың келісімінсіз, әрі жол бойында салынған құрылыс нысандары қала тұрғындары үшін қолайсыздық туғызады. Сондықтан қазіргі таңда заңсыз нысандар жаппай сүріліп жатыр.
Барлық кәсіпкерлерді өз қызметін адал, жауапкершілікпен және заң шеңберінде жүргізуге, басқа адамдардың құқықтарын құрметтеуге және бизнес пен қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге шақырамыз.
Жерді пайдалану үшін қажетті рұқсат пен келісімдерді ресімдеу қажет екенін ескерген жоқ.