ШЫМКЕНТ: интимдік суреттерді таратамын деп қорқытқан бопсалаушы ұсталды

0
958

Бопсалаушы Атырау қаласында ұсталды.


ШЫМКЕНТ: интимдік суреттерді таратамын деп қорқытқан бопсалаушы ұсталды

Шымкенттік полицейлер интимдік суреттермен бопсалаушыны ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалалық полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлеріне жергілікті тұрғыннан ақша бопсалау дерегі туралы хабарлама түсті.
Арызданушының айтуынша, ол әлеуметтік желіде белгілі бір ер адаммен танысқан. Бірнеше айлық хат алмасудан кейін шабуылдаушы сенімге ие болып, оның жеке деректері мен фотосуреттеріне, оның ішінде интимдік суреттерге қол жеткізген. Кейін бұл суреттерді жақындарына таратамын деп қорқытып, қала тұрғынынан ақша талап ете бастаған.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген арнайы операцияның нәтижесінде бопсалаушы Атырау қаласында ұсталды. Ол 34 жастағы Өзбекстан азаматы болып шықты.
Полиция аталған жайтқа қатысты Қылмыстық кодекстің 194-бабы «Бопсалау» бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерде бейтаныс адамдармен жеке тақырыптарда хат алысып, асығыс әрекет жасамауға кеңес береді. Жеке деректерді жарияламаған жөн. Интернет желісі арқылы жеке сипаттағы фотосуреттер мен бейнелерді сақтауға және жіберуге болмайды.