27 сәуір күнді шаһарда КВИ-дің 90 жағдайы тіркелді.
2021 жылғы 28 сәуірдегі жағдай бойынша ел аймақтарындағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгінгі мәліметке сәйкес Шымкент «қызыл», Қостанай «жасыл» аймқаққа өтті.
Қазақстанда өткен тәулікте 2682 адамда коронавирус індеті ПТР-сынама арқылы расталды.
Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 439, Алматы қаласында - 698, Шымкент қаласында - 90.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары орналасқан. «Сары» аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары тұр. «Жасыл» аймаққа: Түркістан және Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары енген.