ШЫМКЕНТ: Қайтарымсыз гранттарға құжаттар қабылдау басталды

0
596

Құжаттар 7 маусымнан бастап 18 маусымға дейін қабылданады.


ШЫМКЕНТ: Қайтарымсыз гранттарға құжаттар қабылдау басталды

Шымкентте «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттарға 7 маусымнан бастап 18 маусымға дейін құжаттар қабылданады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков қала әкімдігінің «Instagram» және Facebook парақшасында өткен тікелей эфирде мәлімдеді.
Басқарма басшысы бағдарламаның шарттарын түсіндіріп, тұрғындар сауалына жауап берді.
Тұрғындар тарапынан негізінен қайтарымсыз грантқа қатысты сұрақтар қойылды. Жалпы тікелей эфирге 1000-ға жуық қала тұрғыны қосылды.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты shymkent.gov.kz, «Кәсіпкерлік» бөлімінде көрсетілген құжаттарды үлгіге сәйкес толтырып, ұсынуы қажет.
Сонымен қатар Qoldau.kz электронды порталының, «Бизнестің жол картасы – 2025» бөлімінде онлайн түрде қабылданады.
Конкурстық құжаттар 7 маусым сағат 10:00-ден бастап, 18 маусым күні 13:00-ге дейін, жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қабылданады.