ШЫМКЕНТ: Қала әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

0
1 240

Е.Айтаханов әр мәселеге байланысты жауапты сала басшыларына тапсырма берді.


ШЫМКЕНТ: Қала әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Ерлан Айтаханов Шымкент қаласының әкімі қызметінде азаматтарды мәселелері бойынша алғашқы жеке қабылдауын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала басшысымен кездесуге келген тұрғындар екі сағат уақыт аралығында сапалы электр жарығы, коммуналдық төлемдер, тұрғын үй, жер мәселесі мен әлеуметтік көмектер бойынша өз өтініштерін жеткізді.

Сондай-ақ, қала әкімі жеке қабылдауда болған 10 азаматтың өтінішін тыңдап, айтылған мәселелерді заң аясында шешу жолдарын қарастыратынын айтты. Сонымен қатр, әр мәселеге байланысты жауапты сала басшыларына тиісті шараларды дер кезінде қабылдау туралы тапсырма берді.
Айта кетейік, осының алдында тұрғындар қала әкімінің атына «Виртуалды қабылдау» арқылы өтініштерін жолдай алатыны туралы жариялаған болатынбыз.