ШЫМКЕНТ: Қала әкімі кәсіпкерлермен кездесті

0
367

Кездесу барысында бизнес саласындағы мәселелер мен ұсыныстар талқыланды.


ШЫМКЕНТ: Қала әкімі кәсіпкерлермен кездесті

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кездесу барысында бизнес саласындағы мәселелер мен ұсыныстар талқыланды.

Жиында сөз алған қала әкімі Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру, импортқа тәуелділікті барынша азайту, қоғамдық әл-ауқатты арттыру секілді мәселелерді шешу бойынша берген тапсырмаларын тыңғылықты орындау қажеттігін айтты.
- Өткен жылы барлық нысаналы индикаторларға қол жеткізіп, қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика байқалды. Бұл жылғы меже одан да жоғары. Ел дамуындағы оң өзгерістер бизнеспен тікелей байланысты болғандықтан саяси реформаларды бірлесе жүзеге асыру керекпіз. Мемлекет кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта қалыптастырып, кәсіпкерлер қоғамға, халыққа қызмет етсе, бұл өз кезегінде елдің әл-ауқатын арттыруға, тұрмыс деңгейін көтеруге ықпал ететіндігі сөзсіз. Осыған орай қаламыздың бизнес өкілдерін жаңа жобаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырамын. Әкімдік тарапынан барлық қолдау шаралары болады, - деді М.Әйтенов.
Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік нәтижесінде 33 кәсіпкерлік субъектісі түрлі деңгейде зардап шегіп, 238,8 млн.теңге шығынға ұшырағанын, 19 бизнес нысанының қызметі қалпына келтіріліп, қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын айтты. Зардап шеккендердің кәсіптері толық қалпына келтірілетінін жеткізді.
Шымкентте коронавирустық пандемияға «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Бағдарлама шеңберінде бүгінгі күні 64 млрд.теңгеге 77 жобаны қаржыландыру мақұлданған. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасында салалық шектеулердің алынып тасталуына байланысты шағын кәсіп арасында жоғары сұранысқа ие болып, 2021 жылы 50,9 млрд.теңге сомасына 1523 ШОБ-пен шартқа қол қойылған. Бұл ретте инвестициялық штаб жұмысының тиімділігін атап өтуге болады. Ашық алаң бизнес мәселелерін жедел шешуге көмектесіп, инвестиция тартудың құралына айналды.

Кездесуде кәсіпкерлер бизнестің дамуына кедергі келтіретін өзекті мәселелерді айтып, атқарушы билік өкілдерімен шешу жолдары ұсынылды.