ШЫМКЕНТ: қала басшысы инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды аралады

0
318

Қалалық кәсіпкерлік және инновациялық даму басқармасына заң аясында мемлекеттік қолдау шараларын қарастыруды тапсырды.


ШЫМКЕНТ: қала басшысы инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды аралады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы аралау барысында «Шымкент-3» автоматтандырылған газ тарату станциясына барып, оның технологиялық жабдықтары мен магистральдық газ құбырын басқарудың автоматтандырылған жүйесімен танысты.

Қуаттылығы 250 м³/сағ АГТС 2022 жылы іске қосылған және толық автоматтандырылған. Мамандар қаладағы газбен қамту жүйесін дамыту және айналма газ құбырын салу жоспарлары жөнінде ақпарат берді.

Әкім сондай-ақ Абай ауданында 220/110/10 кВ «Бозарық» қосалқы станциясындағы құрылыс жұмыстарының барысын тексерді. Бұл нысан Шымкенттің солтүстік бөлігін тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етеді. Қалалық энергетика басқармасы «Қызыл су» және «Ынтымақ» қосалқы станцияларын салу жоспары туралы баяндады.
Әлеуметтік нысандарды аралау барысында Ғабит Сыздықбеков Тұран тұрғын алабындағы «Студенттер үйіне» барды. 350 орындық бес қабатты жатақханада студенттердің жайлы өмір сүруіне қажетті жағдайлар жасалған. Қазіргі таңда онда 100-ден астам студент тұрады. Сондай-ақ, әкім Жұмабек Тәшенов атындағы университетке қарасты 150 орындық жаңа жатақхананыда аралап көрді. Нысан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған.
Аралау соңында қала басшысы «VIP Service 17» кәсіпорнының жұмысымен танысты. Тұрмыстық және гигиеналық өнімдер шығаратын бұл өндіріс орнында 20 адам еңбек етеді. Қалалық кәсіпкерлік және инновациялық даму басқармасына заң аясында мемлекеттік қолдау шараларын қарастыруды тапсырды.
Бөлісу