ШЫМКЕНТ: Қалада 3639 адам пневмониядан емделіп шыққан

0
714

Бұл диагнозбен 6060 адам ауруханаға жатқызылған.


ШЫМКЕНТ: Қалада 3639 адам пневмониядан емделіп шыққан

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қала әкімі ЖРВИ (ОРВИ) мен пневмония бойынша жағдайды да баяндады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әйтеновтың мәлімдеуінше, ЖРВИ (ОРВИ) мен пневмония бойынша қаладағы провизорлық стационарлардағы орын саны 1 маусымға дейін 3 стационарда 320 төсек-орын болса, 30 маусымға дейін 23 стационарда 2 960 төсек-орын дайындалған.

Ал, 7 шілдедегі жағдай бойынша 3010 төсек-орынға жеткен.
Сонымен қатар, 6340 науқас пневмониямен сырқаттанған. Оның ішінде 6060 адам (95,6 %) ауруханаға жатқызылып, 3639 адам (60 %) емделіп шыққан.
ЖРВИ-мен тіркелген 11 891 жағдай тіркелсе, оның ішінде 535 адам (4,5 %) ауруханаға жатқызылып, 460 науқас (86 %) емделіп шыққан.
Күндізгі стационарда 1 маусымға дейін 1281 төсек-орын болса, 25 маусымда 51 емханада 633 төсек-орын дайындалған.
Оның ішінде 319 орын мемлекеттік бірінші медико-санитарлық көмек ұйымдарында, 314-і жеке ұйымдарда орта есеппен күніне 2000 науқас қамтылуда.
Бүгінге дейін 2753 науқас емделдіпті.
Мұрат Әйтенов қаладағы жедел жәрдем қызметі бойынша да жағдайды түсіндіріп өтті. 1 маусымнан 6 шілдеге дейін қалада жедел жәрдем шақырту саны - 59 925 болса, қазір шақыртулар саны 2 есеге өскен.
Жедел жәрдем қызметі бойынша «103» диспетчерлік қызметтердің саны ұлғайып, Call-орталығы (109, 1430) іске қосылған.

Сонымен қатар, қала әкімі олданылған шаралар бойынша да айтып өтті.
Коронавируске арналған төсек-орындар 300-ден 650-ге көбейсе, оның ішінде 200 орындық жаңа жұқпалы госпиталь, 26 жерден 3110 төсек-орындық провизорлық стационар ашылған. Қазіргі толымдылығы - 78%. Ауыр дәрежедегі науқастарға 136 жансақтау төсек орны толымдылығы - 95 %.
Күндізгі стационар да алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарының базасында қосымша 628 төсек-орын, жеңілатлетикалық спорт кешенінің базасында 360 төсек-орын ұйымдастырылды.
Жергілікті өндірушілер 5 миллионнан астам көп қолданылатын маска, 100 тонна дезинфекциялық зат
170 мың флакон және 192 мың литр спрей шығарған.

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша 1 маусымнан бүгінге дейін 276 938 диспансерлік есепте тұрған адамдарға қоңырау шалынды. Бүгінгі күнге 6 696 ЖРВИ және 3 865 пневмониямен науқастар тіркеліп, 56 мобильді топ құрылып, 10 341 науқасқа қызмет көрсетілді.
26 380 адам АЛО мобильді тобының қызметі бойынша дәрі-дәрмекпен қамтылды.