Бұл қызметке Жанат Арысбекқызы Тәжиева тағайындалды.
Шымкент қалалық білім басқармасына басшы болып Жанат Арысбекқызы тағайындалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жанат Тәжиева – тәжірибелі педагог, білім саласында 30 жылдай уақыт еңбек еткен. 2009- 2014 жылдар аралығында білім саласын басқарған болатын.
Ал бұған дейін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаментін басқарды.