Шымкент қаласына ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі келді

0
1 222

100 пайыз цифрландыру жүйесі бойынша халыққа медициналық қызмет көрсететін №3 қалалық емхананада болды.


Шымкент қаласына ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі келді

Бүгін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров жұмыс сапарамен Шымкент қаласына келіп, медициналық ұйымдардың медициналық сақтандыру жүйесіне дайындық жұмыстарымен танысты , деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Камалжан Талғатұлы алдымен онкологиялық орталықтағы емхананың электронды қызметтерімен танысып, орталықтың цифрландыру жүйесі бойынша жұмыс істеу қарқынын байқап көрді. Сондай-ақ, қалалық перинаталдық орталыққа ат басын бұрып, ситуациялық орталықтыңжұмысымен танысты. Ситуациялық орталықтағы бірыңғай жүйе арқылы перзентханадағы мамандар жүктілікпен есепте тұратын азаматшалардың денсаулық жағдайын бақылап отырады.Бұл жүйе арқылы мамандар ана мен бала өлімін азайтып, шұғылкөмекті қажет ететін аяғы ауыр әйелдерге дер кезінде медициналық көмек көрсетпек.

Одан кейін, Камалжан Надыров перзентханадағы тренинг орталықтың жұмысымен танысты. Аталған орталықта акушер, гинеколог, неонатолог, реаниматолог сынды мамандар алғашқы медициналық қызмет көрсету бойыншабіліктіліктерін арттырады. Тренинг орталығының жұмысын вице-министр жоғары бағалап, дәріс беретін мамандарға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, жұмыс сапары барысындаҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров №3 қалалық емхананың жұмысымен танысты. Бұл емханада мамандар 100 пайыз цифрландыру жүйесі бойынша халыққа медициналық қызмет көрсетеді.