Шымкент қаласында халықты кәріз жүйесімен қамту үшін 17 нысанның құрылысы жүргізілуде

0
591

Жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 2,1 млрд теңге қаржы бөлінген.


Шымкент қаласында халықты кәріз жүйесімен қамту үшін 17 нысанның құрылысы жүргізілуде

Шымкент қаласында халықты кәріз жүйесімен қамтылуы 49,1% құрап отыр. Бұл көрсеткішке қала орталығындағы 2 196 көпқабатты тұрғын үй мен шағын аудандардағы 37 540 жеке тұрғын үйлер кіреді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жөнінде энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы Жолшыбек Шайхсламов қала әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетовке баяндады.

Шаһарда кәріз жүйесімен қамтылуы бойынша Әл-Фараби ауданы көш бастап тұр. Ауданға аумағы қала орталығында орналасқандықтан 81,5% кәрізге қосылған. Ал, Еңбекші аудынында кәрізбен қамтылу 50% құрап отыр. Абай ауданында 42,5%, Қаратау ауданы халқының 26,3% кәріз жүйесі тартылған.
Басқарма басшысының сөзінше бүгінде қалада кәріз жүйелерімен қамтылуын жоғарылату мақсатында басқарма тарапынан 17 нысанның құрылыс жұмысы жүргізілуде. Жалпы жобаның құны – 16,5 млрд теңге. Жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 2,1 млрд теңге қаржы бөлінген.