​Шымкент қаласында жылу 15 қазаннан бастап беріледі

0
737

Әуелі аурухана, балабақша мен мектеп сияқты әлеуметтік маңызы бар ғимараттар жылумен қамтамасыз етіледі


​Шымкент қаласында жылу 15 қазаннан бастап беріледі

Шымкент қаласында жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осы жылдың 1 қазанынан бастап жылу жүйелерін суық сумен толтыру жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі уақытта қаланың магистралдық жылу жүйелері толықтай суға толған.

- Ішкі орамдық жылу жүйелерін суға толтыру жұмыстары жалғасуда. Бұл тұрғыда бүгінгі атқарылған жұмыстар 60%-ды құрайды. Қазан айының 10-12 дейін қаладағы магистралдық ішкі орамдық жылу жүйелері толықтай суық сумен толатырылатын болады, - дейді Шымкент қаласы энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының бас маманы Гүлназ Шадманова.

Шымкент аумағында жылу 15 қазаннан бастап қосылады. Әуелі аурухана, балабақша мен мектеп сияқты әлеуметтік маңызы бар ғимараттар жылумен қамтамасыз етіледі.