Шымкент қаласының әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қала азаматтарын қабылдады. Әкіммен кездесуге келген қала тұрғындары үй, жер және әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өз өтініштерін жеткізді.
Жеке қабылдауға келген әрбір азаматтың мәселесіне қаныққан қала басшысы заң аясында көтерілген мәселелердің шешу жолдарын түсіндіріп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Енді жеке қабылдауда көтерілген мәселелер орындалғанға дейін бақылауда болады.
Айта кетейік, қала әкімімен жеке мәселе бойынша кездесу әр аптаның жұма күнінде өтеді.
дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің ресми парақшасы