Шымкент қаласының әкімі Қырғызстанның бас консулымен кездесті

0
249

Шымкентте қырғыз этномәдени бірлестігін құру мүмкіндігі және басқа да мәселелер қаралды.


Шымкент қаласының әкімі Қырғызстанның бас консулымен кездесті

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қырғызстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Жеңісбек Асанқұловпен кездесті.

Кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту, инвестиция тарту және түрлі салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.

Сонымен қатар Шымкент пен Ош қалалары арасында 2023 жылы бауырлас қалалар мәртебесін орнату жөнінде қол қойылған меморандум аясында 2025–2028 жылдарға арналған бірлескен Жол картасын әзірлеу және бекіту туралы шешім қабылданды. Бұл құжат бизнес-форум өткізу, сондай-ақ Шымкент пен Ошта екі қаланың өндірушілерінің өнімдері ұсынылатын сауда үйлерін ашуды көздейді.
Бұдан бөлек, Шымкентте қырғыз этномәдени бірлестігін құру мүмкіндігі, сондай-ақ Қырғыз Республикасының азаматтарының құқықтық мәртебесі мен қала аумағында заңды түрде тұруы мәселелері қарастырылды.
Кездесу соңында әкім Ғабит Сыздықбеков екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
Бөлісу