Шымкент қаласының соттары қызметтік көлікті таксиге алмастырды

0
1 108

Шымкент қаласы сотының бастамасы шағын және орта бизнесіне серпін беретін болады.


Шымкент қаласының соттары қызметтік көлікті таксиге алмастырды

Шымкент қаласының соттары бюджеттік шығындарды үнемдеу мақсатында қызметтік автокөліктерден бас тартып таксиге отырады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша соттар әкімшісінің басшысы Нұрсұлтан Байтілесов өткен брифингте мәлімдеді. Мұндай жаңашылдық бюджет шығындарын кемінде екі есеге қысқартатынын атап өтті.

Бұдан былай жаңа қызметтік көліктерді сатып алудың, оларды жаңартудың, сервис пен жөндеу жқмыстарына шығындалудың, жанар-жағармайдың сатып алудың, сонымен қатар штатта көлік жүргізушісі бірліктерден қамтудың қажеті болмайды.

Аталған қызмет көрсету түрін "ШымТранс" таксопаркі атқаратын болады. Таксиге ауысу арқылы қызметтік бәсекелестік ортаға бағыт алып, сол арқылы шағын және орта бизнестің дамуына қолғабыс болады.