ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданының жастарымен кездесу өтті

0
523

Кездесу барысында Қаратау ауданындағы жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы баяндалды.


ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданының жастарымен кездесу өтті

Шымкент қаласы Қаратау әкімінің орынбасары Парманов Азамат Бұхарбайұлы және әкімдік жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінің кезекті отырысы Қаратау ауданының жастарымен өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кездесу барысында Қаратау ауданындағы жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы баяндалды. Сонымен қатар, Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын кеңінен насихаттап атап өтті.

Аудан әкімінің орынбасары жастар арасында қозғалып жүрген өзекті мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады. Жастар талқылауда белсенділігін көрсетіп, көптеген ұсыныстар мен пікірлері айтылды.

• Жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, жоғары оқу орындарының, колледждердің түлектерін мемлекттік бағдарламалар арқылы тұрақты жұмысқа орналастыру;

• «Ерікті жастардың біліктіліктерін арттыруға арналған жобалардың санын көбейту.

• ІТ бағыты бойынша жұмыстарды толықтыру, үйірме санын арттыру сыңды ұсыныстар ұсынылды.

«Жастарға мемлекетіміз тарапынан көптеген мүмкіндіктер жасалынып жатыр. Президентіміздің анықтап берген жастарға арналған басымдықтарды іске асыруға, осы бағыттан жаңылмай, өткеннен өнеге ала отырып, көздеген мақсаттарымызға бірге қол жеткізуіміз қажет», – деді Азамат Бұхарбайұлы.

Айта кетейік, Шымкент қаласының әкімі жастармен айына бір рет кездесу өткізетін болады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен әкім жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес отырысында айтылған болатын. Жастардың бүгінгі мәселесінің оң шешімі жарқын болашақтың кепілі екендігі белгілі. Заман талабына сай өзгеріп отыратын бұл мәселелер ауқымды талдау мен жүйелі шешім жолдарын қажет етеді. Ал, мәселенің мәнін дұрыс анықтау, жастармен жүйелі кездесулер мен диалогтар арқылы мүмкін екені анық. Осы мақсатта Шымкенттегі 4 ауданның жастары 4 блогқа бөлініп, олармен тұрақты кездесулер өтіп тұрады.