Шымкент: Қарыз үшін серіктесін сотқа берген кәсіпкерлерді судья татуластырды

0
1 204

Сотқа арызданған талапкер де, қарызданған жауапкер де ЖШС-нің иелері.


Шымкент: Қарыз үшін серіктесін сотқа берген кәсіпкерлерді судья татуластырды

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 43 млн-нан астам теңге қарыз үшін соттаспақ болған бизнесмендерді татуластырып жіберді, деп хабарлайды Ernur.kz тілшісі.

Сотқа арызданған талапкер де, қарызданған жауапкер де ЖШС-нің иелері. Серіктестіктер арасында бұрын жеткізілім (доставка) шарты түзілген. Сотқа талап арыз берген кәсіпкер келісім шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған. Ал екінші серіктес болса келісім шартты орындамай, жеткізіп беру қызметінің ақысын төлемей қойған. Сөйтіп кәсіпкер серіктесіне 43 193 250 теңге берешек болған. Шымкент қаласы мамандандырылған экономикалық сотында өткен берешекті өндіріп алу туралы сот отырысы барысында татуластырушы судья тараптарға медиацияның тиімді тұстарын түсіндірді.
"Нәтижесінде, тараптар арасында дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім түзілді. Оның шарттары бойынша жауапкер қарыз соммасын толық көлемде медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісімге қол қойылған сәттен бастап 3 күн ішінде төлеуді міндеттенген, ал талапкер өз талаптарынан бас тартқан.
Сот татуласу келісімін бекітті. Осыған байланысты, бұл азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылып, талап қоюшыға төленген мемлекеттік баж салығы қайтарылды,
"- деп мәлімдеді Шымкент қаласы сотының баспасөз қызметі.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген.