ШЫМКЕНТ: Құрсай елдімекенінде ауыз су құбырының құрылысы басталды

0
837

Нысан құрылысы мердігер мекеме «Риголит» ЖШС тарапынан жүргізілетін болады.


ШЫМКЕНТ: Құрсай елдімекенінде ауыз су құбырының құрылысы басталды

Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Құрсай елдімекенін сапалы ауыз сумен қамту мақсатында құрылыс жұмысы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған нысанның құрылысы 2 кезең бойынша, мердігер мекеме «Риголит» ЖШС тарапынан жүргізілетін болады.
Ұзындығы 336,5 шақырымды құрайтын су жүйесінің құылысы келер жылға өтпелі. Яғни, құрылыс жұмыстары 2022 жылдың қарашасында толық аяқталып, 42 мыңға жуық тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.