ШЫМКЕНТ: Мақсұт Исахов тұрғындарды оффлайн қабылдады

0
515

Мақсұт Пернебайұлы азаматтардың арыз-шағымдарын, ұсыныстарын жеке-жеке тыңдап, басқарма басшыларына тез арада назарға алып, шешуін тапсырды.


ШЫМКЕНТ: Мақсұт Исахов тұрғындарды оффлайн қабылдады

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша онлайн және оффлайн қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қабылдауға тұрғындар әкімдік сайтындағы өтінім беру терезесі және әлеуметтік желі арқылы тіркелген.

Тұрғындардың мәселелерінің басым көпшілігі жол сапасы, қоғамдық көлік мәселесі және спорт алаңшалары мен еңбек құқығының сақталуы, сондай-ақ интернет пен қала орта сапасын бақылау басқармасына қатысты мәселелер.
Мақсұт Пернебайұлы азаматтардың арыз-шағымдарын, ұсыныстарын жеке-жеке тыңдап, басқарма басшыларына тез арада назарға алып, шешуін тапсырды.
Қоғамдық қабылдау карантиндік талаптарға сәйкес онлайн режимде WhatsApp желісінің видеоқоңырауы арқылы және фронт-офисте оффлайн форматта жүргізілді.
Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары тұрғындардың шақыруы бойынша «Шаңырақ» елдімекенінде болып, ауыл билерінің мәселелерін тыңдады. Онда қоғамдық көліктің жүру схемасын создыртып, аялдамамаен қамтамасыз ету, мектеп айналасында қауіпсіздікті нығайту шараларын талқылап, ақсақалдардың алғысын алды.