Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттерді қашықтықтан оқытуға толық көшті

0
3 641

27 597 студент Прометей 4 және 7 онлайн платформасында қашықтықтан оқытуға көшкен.


Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттерді қашықтықтан оқытуға толық көшті

М.Әуезов атындағы ОҚМУ республикада 2020 жылғы 16 наурыздан бастап төтенше жағдайдың енгізілу кезеңінде білім алушылардың, қызметкерлер мен педагогтардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында қашықтықтан оқытуға толық көшті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы университет ректоры Дария Қожамжарова мәлімдеді.

Университет басшылығы 3 санатқа сәйкес білім беру процесін ұйымдастыру бойынша білім алушылардың, ОПҚ мен басқа қызметкерлердің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қолданады:

1 санат - университеттің әкімшілік-басқару персоналы (олар толық штаттық режимде жұмыс істейтін болады);

2 санат – (оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыратын ОПҚ, қызметкерлер (қашықтық режимінде жұмыс істейтін болады);

3 санат – Техникалық қосымша персонал (олардың басым бөлігі ақысыз еңбек демалысына жіберіледі).

27 597 студент Прометей 4 және 7 онлайн платформасында қашықтықтан оқытуға көшкен.

Сондай-ақ ZOOM, КУРСЭРЕ, ГУГЛ КЛАСС РУМ және тегін қол жеткізілетін басқа бағдарламаларға қосымша ретте қосыла алады.

Оқытушы-профессорлар құрамы бейнелекциялары еркін қолжетімділікте Ютубқа салынды. Платформаға 2 семестрде 1385 пән жүктелген.

Сабақ кестеге сәйкес өткізіледі, байланыс сағаттары онлайн режимге өткізіледі (онлайн-лекциялар, бейне-лекциялар, өзіндік онлайн-жұмыс, онлайн-курстар, чат-сабақтар, скайп, теле-сабақтар және т.б.).

Егер студенттер үйлеріне қайтып кетсе және интернет жұмыс істемейтін алыс ауылдарда тұрса, онда біз бұл мәселеге түсіністікпен қараймыз, студенттер электронды пошта немесе мессенджерлер арқылы жұмыс істей алады.

Егер интернет мүлде болмаса, онда олар осы шаралардың әрекеті аяқталған соң барлық орындалған үй тапсырмаларын оффлайн-режимде ұсынады.

Қазіргі уақытта жатақханада – 569 студент қалған. Дегенмен барлық санитарлық-гигиеналық талаптар сақталған.