Шымкент: Медициналық мекемелерге 170 млн теңгеге дәрі-дәрмек жеткізілді

0
2 469

Қалада эпидемиологиялық жағдай тұрақты.


Шымкент: Медициналық мекемелерге 170  млн теңгеге дәрі-дәрмек жеткізілді

Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдай тұрақты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алайда коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында сақтық шаралары күшейтіліп, алдын алу жұмыстары атқарылуда.


Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.

Қазіргі таңда қала тұрғындарына қызмет көрсететін 11 ПТР зертханасы жұмыс жасауда. Зертханаларда тәулігіне барлығы 6 250 тест жасау қуаттылығы бар. Жыл басынын бері 27 389 ПТР тест өткізілгенін, оның ішінде өткен тәулікте 1334 ПТР тест жасалғанын жеткізді.

Биыл материалдық-техникалық жабдықтауға 2,4 млрд. теңге бөлінген. Қазіргі таңда қала тұрғындарына барлығы 21 компьютерлік томография аппараттары қызмет етуде. Медициналық ұйымдарда 615 ИВЛ аппараты бар.


- Осы жылға бірыңғай дистрибьютор медициналық ұйымдармен дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге 6,1 млрд теңгеге келісімшарт түзілген. Бүгінгі таңда медициналық мекемелерге нақты 170 млн теңгеге дәрі-дәрмектер жеткізілді. Тұрақтандыру қоры шеңберінде бөлшек саудаға және медициналық ұйымдардың қорына арналған дәрі-дәрмектерді сатып алуға дәріханалар айналымына және қорларын толықтыруға 659 млн теңге бөлінді. Бүгінгі күні жалпы қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты, - деп сөзін түйіндеді Мұрат Дүйсенбекұлы.