Сайыс жеңімпаздары Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық турнирде Шымкент қаласының атынан қатысатын болады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті пікір-сайыс ойынын ұйымдастырды деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған сайыстың жеңімпаздары Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық турнирде Шымкент қаласының атынан қатысатын болады. Іс-шараның мақсаты - мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру, сондай-ақ студент жастардың ел алдында тұрған міндеттерге қол жеткізуде хабардар болуы, сондай-ақ болашақ мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттыру болып табылады.
Сайыс мемлекеттік және орыс тілдерінде өтіп, әр топта бір мемлекеттік қызметші мен бір студенттен қатысты. Пікір-сайыс барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамада көрсетілген өзекті мәселелер қамтылды. Бүгінгі таңда Агенттіктің алдында тұрған басты мақсат инновациялық мемлекеттік қызметке көшу болып табылады, оған жету жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларсыз мүмкін емес.