Бұдан бөлек,медициналық мекемелерде дәрілік заттардың 2 айлық қоры бар.
Шымкент қаласындағы емханалар жанынан құралған мобильді топтар 60 мың науқасты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті. Медицина мамандары дәрілік заттарды диспансерлік есепте тұратын науқастардың үйіне жеткізіп беруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов баяндады.
«Бүгінде 211 мобильді топ тәулік бойы шақыртуларға шығуда. Қазіргі таңға дейін 23 мыңнан аса науқастың үйіне барып, медициналық қызмет көрсетті», - деді ол.
Бұдан бөлек,медициналық мекемелерде дәрілік заттардың 2 айлық қоры бар.
Сондай-ақ,қаланың бөлшек дәріханаларында дәрілік заттардың негізгі қоры жеткілікті.Нақтырақ айтқанда,120 600 қорапыстықты түсіретін және175 000 қорапвирусқа қарсы препараттар, 1 982 000 антибиотик, 24 860 қорап антикогулянттар,730 000 қорап «С» витамині бар.
Айта кетейік, қаладағы эпидемиялогиялық ахуал күннен күнге жақсарып келеді. 17 тамыздағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны - 5150 тіркелген. Оның ішінде симптомды - 2625, симптомдыз - 2525 жағдай.4292 науқас коронавирус індетінен жазылып шықты.