Шымкент: Наурыз алаңында көлікпен дрифт жасаған жүргізуші жауапкершілікке тартылды

0
2 636

3 автокөлік айыптұраққа жеткізілді.


Шымкент: Наурыз алаңында көлікпен дрифт жасаған жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Шымкент: Наурыз алаңында көлікпен дрифт жасаған жүргізуші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

4 ақпан күні Шымкент ҚПД Жедел басқару орталығының қызметкерлері қызмет барысында Наурыз алаңында жиналған автокөліктердің арасында жүргізушілердің бірі ақ түсті «Мерседес» маркалы автокөлігімен түрлі қозғалыс жасап, дрифт элементтерін орындағанын және бұл әрекетімен айналаға қауіп төндіріп жатқанын байқаған.

Жедел басқару орталығының кезекшісі аталған жерге патрульдік полиция полк экипаждарын жіберді. Нәтижесінде 3 автокөлік айыптұраққа жеткізілді. Автокөліктердің жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Наурыз алаңында «Тойота Рав 4» маркалы автокөлігінің нөмірі мен иесі болмағандықтан, жедел-тергеу тобы аталған автокөлікті қарау барысында ішінен травмат тапаншаны анықтаған. Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Тәртіп сақшыларымен жүргізілген профилактикалық сұхбаттан кейін «Мерседес» маркалы автокөлігінің жүргізушісі алдағы уақытта жол ережесін бұзбауға уәде берді.