Футболды 18 мыңнан астам адам тамашалады.
Футболдан Қазақстан чемпионатының бесінші туры аясында «Ордабасы» - «Ақтөбе» командалары арасында кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Ордабасы» командасы өз алаңында «Ақтөбе» командасын қабылдады.
Қажымұқан атындағы стадионда өткен матчта есеп тең аяқталды. «Ордабасы» - «Ақтөбе» 1:1 (0:0)
Айта кетейік, «Ордабасы» - «Ақтөбе» командаларының ойынын 18 мыңнан астам адам тамашалады.