ШЫМКЕНТ: Полиция бастығы қала тұрғындарымен кезесті

0
1 114

Мәселелер міндетті түрде шешімін табатынын айтты.


ШЫМКЕНТ: Полиция бастығы қала тұрғындарымен кезесті

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Е.Жумаханбетов Бадам-1, Бадам-2 және Ворошиловка елдімекендерінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттік органдардың қызметкерлері халықпен тығыз қарым-қатынас жасап, халыққа барынша жақын және олардың өтініштері қабылданып, тез арада заңды шешім қабылдану қажеттігін атап өткен еді.

Осы орайда, 2019 жылы 6 қараша күні Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Е.Жумаханбетов Бадам-1, Бадам-2 және Ворошиловка елдімекенінің тұрғындарымен кездесіп, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарды кең көлемде талқылап, шешімдерін тапты.

Сондай-ақ, кездесу барысында Шымкент қаласының Бас полицейі есігінің әрқашан ашық, қабылдауға дайын, тұрғындардың қандай да бір мазалап жүрген сұрақтары немесе мәселелері болса, міндетті түрде бірлесіп шешімін табатынын айтты.

Алдағы уақытта полиция қызметкерлері аталған елдімекенде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында тұрғындардың кездесу барысында білдірген өтініштерін ескере отырып, жұмысын жалғастырады.