Жеткізер мәселеңіз болса, жазылыңыз!
фото: ашық дереккөзден
Қазақстан Республикасының Президентінің көмекшісі Шымкент тұрғындарын қабылдайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Нақтырақ айтсақ, 2019 жылы 28 қараша күні сағат 10:00-ден бастап Қазақстан Республикасының Президентінің көмекшісі – Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі А.Балаева шымкенттік азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдайды.
Қала тұрғындары, Н.Назарбаев даңғылы 10 ғимаратына келіп жазылуға болады. Жазылу 107 кабинетте жүргізіледі.
Анықтамалық телефон: 8 (7252)-24-71-30