Қазіргі таңда су құбырына келтірілген зақым қалпына келтірілді, тұрғындарды сумен қамтамасыз ету тоқтатылған жоқ.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес қаладағы ірі жобалардың бірі Т.Рысқұлов-Д.Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың құрылысы мердігер мекеме "Bazis Construction" ЖШС тарапынан жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған жұмыстарды жүргізу кезінде Т.Рысқұлов көшесінің бойында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты су құбырына зақым келтірілді.
Қазіргі таңда су құбырына келтірілген зақым қалпына келтірілді, тұрғындарды сумен қамтамасыз ету тоқтатылған жоқ. Құрылыс жұмыстары өз жалғасын табуда.