ШЫМКЕНТ: САДАҚ АТУДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ

0
92


ШЫМКЕНТ: САДАҚ АТУДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ

Бүгін садақ атудан Шымкент қаласында жабық кешендегі ҚР чемпионаты басталды.

Дүбірлі додаға еліміздің өңірлерінен 300-ден астам спортшы қатысуда. Жарыста Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Жетісу облыстарынан келген жас мергендер бақ сынасуда. Чемпионат – халықаралық ареналарда ел намысын қорғайтын болашақ спортшыларды анықтайтын маңызды бәсеке.

Спортшылар мергендік қабілеттерін көрсетіп, жүлделі орындар үшін тартысты бәсеке өткізеді. Мақсат – садақ ату спортының дамуына серпін беру, жас спортшылардың тәжірибесін арттыру және ұлттық құрама сапына лайықты спортшыларды іріктеу. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері 24 ақпанда марапатталады.

Бөлісу