ШЫМКЕНТ: ШӘКІРТАҚЫ КӨЛЕМІ АЙТАРЛЫҚТАЙ АРТАДЫ

0
171


ШЫМКЕНТ: ШӘКІРТАҚЫ КӨЛЕМІ АЙТАРЛЫҚТАЙ АРТАДЫ

2025 жылы Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындары мен студенттерге қолдау көрсету шаралары айтарлықтай артып келеді.

Қаладағы 9 университетте 82 564 студент білім алып жатыр, олардың ішінде республикалық бюджеттен 16 639 студент, ал жергілікті бюджеттен 285 студент грант арқылы оқуда. Әлеуметтік осал топтарға жататын 379 студентке ерекше назар аударылған.

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы артпақ. Бакалавриат студенттері үшін шәкіртақы 20%-ға, магистранттар мен докторанттар үшін 15%-ға ұлғайып:
• Бакалавриат: 47 135 теңгеден 52 372 теңгеге, педагогикалық және медициналық бағытта 75 600 теңгеден 84 000 теңгеге дейін.
• Магистратура: 107 061 теңгеден 117 098 теңгеге дейін.
• Докторантура: 240 000 теңгеден 262 500 теңгеге дейін өспек.
Әлеуметтік осал топтарға жататын студенттерге қосымша қолдау жасалады. Мысалы, жетім балалардың шәкіртақысына 30%, мүгедектігі бар студенттерге 50% үстеме қосылады. Бұл оларға оқу процесіне көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді.
Қаламыздағы жоғары оқу орындарының жатақханаларында 10 009 орын бар. Жатақхана тапшылығы мәселесі әзірге жоқ, бірақ қала халқының өсуіне байланысты 2025-2029 жылдарға 5 мың орындық жатақхана құрылысы жоспарланып отыр.
Бұл бастамалар студенттердің білім сапасын арттыруға, олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуына ықпал етеді. Қолдау шаралары жастардың оқу процесінде белсенділігін арттырып, мамандықтарына деген қызығушылықтарын күшейтетіні сөзсіз.
Бөлісу