Шымкент: «SHANYRAQ» орталығында тігін шеберханасы ашылды

0
2 584

Қазіргі таңда 3 айлық курсқа 10 адам қатысып жатыр.


Шымкент: «SHANYRAQ» орталығында тігін шеберханасы ашылды

«SHANYRAQ» отбасын қолдау орталығында аналарға арналған тігін курсының шеберханасы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жоба «Ана жолы» қайырымдылық қорымен бірлесе жүзеге аcты. Онда өмірлік қиын жағдайға түскен қыз-келіншектер тігіншілік оқу-курсына тегін қатыса алады.


Қазіргі таңда 3 айлық курсқа 10 адам қатысуда. Ұйымдастырушылар жыл соңына дейін 40-50 адамды оқу курсынан өткізуді жоспарлап отыр. Оқуды тәмамдаған аналарды тұрақты жұмыспен қамту мақсатында жергілікті тігін фабрикасымен келіссөз жүргізілді. Ал отбасылық жағдайына байланысты сыртта жұмыс істей алмайтын әйелдер демеушілер тарапынан тігін машинасымен қамтылады.


Наурыз айында «Шаңырақ» орталығында кондитерлік, аспаздық курстары ашылады. Қазір жергілікті кондитерлік дүкендермен келіссөздер жүргізілуде.