ШЫМКЕНТ: Сот 9 жасар қызды зорлаған күдіктіні 2 айға қамауға санкция берді

0
1 436

Күдікті бір апта бұрын Шымкентке қайта келмек болған жерінен Алматы вокзалында қолға түскен.


ШЫМКЕНТ:  Сот 9 жасар қызды зорлаған күдіктіні 2 айға қамауға санкция берді

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында 5 қаңтар күні тоғыз жасар қыз баланы зорлаған деп күдік тағылған жігітке қатысты жаңа ақпарат пайда болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

20 жастағы күдікті жігіт қысқы демалыс кезінде үйірмеден үйіне қайтып келе жатқан бүлдіршінді "сүйкімді күшіктерді көрсетемін" деп құрылысы аяқталмаған үйге алдап апарған. Күшіктерді көремін деп, алаңсыз соңынан еріп келген тоғыз жасар қызға күдікті күш қолданып, азғындық әрекетін жүзеге асырған көрінеді. Оқиға орнынан бой тасалаған күдікті жігіт алдымен таксиге мініп Арыс қаласына, сосын Алматы қаласына қарай, яғни анасы мен өгей әкесінің үйіне қашқан. Әуел баста күдікті Шымкент қаласына жұмыс іздеп келгені белгілі болды. Күдікті бір апта бұрын Шымкентке қайта келмек болған жерінен Алматы вокзалында қолға түскен.

Қылмысқа байланысты: «Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіні 2 ай мерзімге қамау, күзетпен бұлтартпау шарасын қолдану туралы санкция берді. ҚР ҚК нің 120 бабы, 4-ші бөлігімен 1998 жылы туған Арыс қаласының тұрғыны қамауға алынды. Екі ай бойы тергеу кезінде қамауда болады», - деп мәлімдеді аталған соттың судьясы Сержан Айнабеков.

Еске сала кетейік, осының алдында Шымкентте 9 жасар қыз баланы зорлаған күдіктіге іздеу жарияланғанын және күдіктінің ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.