ШЫМКЕНТ: Су арналарының жөндеу жұмыстары жақында аяқталады

0
685

Су арналарының құрылыс жұмыстарына жалпы саны 37 техника 58 жұмысшы жұмылдырылды.


ШЫМКЕНТ: Су арналарының жөндеу жұмыстары жақында аяқталады

Шымкент қаласының аумағында орналасқан су арналарына қазір күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шапырашты су арнасының күрделі жөндеу жұмыстарының 80%-ы, Чумчак 98%-ы, Сай ниже водопада 95%-ы аяқталуға жақын.

Аталған су арналарының құрылыс жұмыстарына жалпы саны 37 техника 58 жұмысшы жұмылдырылды.

Бүгін тиісті басқарма қызметкерлері жергілікті шаруалармен кездесіп, кездесу барысында тұрғындар жауапты мамандарға өз ұсыныстары мен талаптарын ашық жеткізді. Сондай-ақ, 5- мамырдан бастап ағын су беру науқаны басталады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, Шымкент қаласы аумағында жалпы саны 34 су арнасы 2 өзен бар. Соның ішінде қазір 3 су арнасының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталуға жақын. Арнайы өлшем жүргізіліп, жерді құрылыс жұмыстарына дайындап, бетондалған арық жүйесі орнатылуда. Қазіргі таңда «Көк», «Сай ниже водопада» және «Чумчак» су арналарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жұмыстардың 80%-ы орындалып, жыл соңына дейін толықтай аяқталмақ. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Чумчак, Сай ниже водопада және Шапырашты су арналарына жауапты мердігер мекемеден 27 техника 50-ге жуық жұмысшы жұмылдырылды. Аталған су арналарының жөндеу жұмыстары аяқталған соң шаруаларға су беру маусымын бастау жоспарланып отыр. Мердігер мекеме басшылары 1 мамырға дейін жұмыстың 85 пайызы орындалатынын жеткізді.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласында көктемгі жауын-шашынның салдарынан су шаю қаупін алдын алу мақсатында қалада ирригациялық жүйелерді тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілді. Атап айтсақ, Сайрам тұрғын алабында орналасқан Ұлық, Ұлық-2, Қызылсу, Құралас, Ханка су арналарын қолмен тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде осы су арналарынан күніне 45 куб, 10 күнде 450 куб тұрмыстық қалдықтар мен күл қоқыстар шығарылды.