Тұрғындардың көпшілігі лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне шағымданған.
Шымкент қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі азаматтарды мәселелері бойынша қабылдауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Атап өтсек, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру қажеттігі туралы айтқан болатын.
Осыған орай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшылығы күн сайын азаматтарды қабылдап жатыр. Тиісінше, қабылдау барысында азаматтар өздерінің құқықтарын қорғау, жұмысқа орналасу мәселелері бойынша жүгініп, лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне шағымданып, барлық өтініштер бойынша жан-жақты жауаптар беріліп, олардың кейбіреулері басшының жеке бақылауына алынған.
Айта кетейік, 2019 жылдың басынан бері осындай 50-ден астам жеке қабылдау өткізіліп, онда 90-ға жуық өтініш қаралған.