ШЫМКЕНТ: Тассай елдімекені сапалы электр қуатымен қамтылады

0
442

Абоненттеу жұмыстары «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС қызметкерлері тарапынан жалғасып жатыр.


ШЫМКЕНТ: Тассай елдімекені сапалы электр қуатымен қамтылады

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы Тассай елді мекенін сапалы электр қуатымен қамту мәселесі шешілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаланы дамытудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспарына сәйкес, Тассай елді мекенін сапалы электр қуатымен қамту құрылысы 2019 жылдың қазан айында басталып, 2020 жылдың желтоқсанында аяқталған болатын.
Қазіргі уақытта Тассай елді мекен тұрғындарының 95 пайызы сапалы электр қуатына қосылды. Бүгінгі күнге дейін олар жеке трансформатордан электр энергиясын тұтынған болатын. Абоненттеу жұмыстары «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС қызметкерлері тарапынан жалғасып жатыр.
Айта кетейік Тассай елдімекенінің тұрғындары өткен жылы таза ауыз сумен де қамтамасыз етілген. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін су жүйесінің құрылысы мердігер мекеме «Үшсай» тарапынан құрылыс жұмыстары 2018 жылы басталып, 2020 жылдың соңында аяқталған. Нәтижесінде, Тассайдағы 3 мың абонент сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.