ШЫМКЕНТ: Темірлан тас жолының жол сызықтары толығымен жаңартылды

0
933

Үшінші мегаполисте биыл 450 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылады.


ШЫМКЕНТ: Темірлан тас жолының жол сызықтары толығымен жаңартылды

Шымкент қаласындағы Темірлан тас жолының жол сызықтары толығымен жаңартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, қаладағы 150 шақырымнан астам көшенің жол сызықтары жаңартылған.

Сонымен қатар, қаладағы ең маңызды көшелердің бірі саналатын Темірлан тас жолы бойындағы жол сызықтары мен жаяу жүргіншілер өткелі толығымен қайта сызылып, жаңартылды. Үшінші мегаполисте биыл 450 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылатын болады. Оның ішінде 250 шақырымы термопластиктен, ал қалған 200 шақырымы акрильді бояумен сызылады.

Айта кетейік, жол таңба сызықтарын сызу түнгі уақытта жүргізілуде. Мұның өзі күндізгі уақытта көлік кептелісін тудырмау мен қозғалысқа кедергі келтірмеу мақсатын көздейді.

Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қала ішіндегі тозығы жеткен бірнеше көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Тапсырма аясында жөндеуден өтіп жатқан магистральды көшелердің бірі - Ғ.Иляев көшесі. Жөндеу жұмыстары 2021 жылдан басталған көшеге жаңа асфальт төселіп, екі жағынан аяқ жолдар мен веложолдар салынуда.

- Қазіргі кезеңде Ғ.Иляев пен Қонаев даңғылының қиылысы мен Байтұрсынов көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысында жиек тастарын орнату мен қатар аяқ жолдарын орнату көзделуде. Бұл 3.3 шақырымды құрайды. Яғни, Ақпан батыр көшесі мен Бейбітшілік көшесіне дейінгі аралық. Аталған жөндеу жұмыстары 2021 жылы басталған болатын. Қазіргі таңда Ақпан батыр мен Қонаев даңғылына дейінгі аралықта жөндеу жұмыстары аяқталды -, деді автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қалыбаев Өмір Саметұлы.

Сондай-ақ, Д.Қонаев даңғылы мен Бейбітшілік көшесіне дейінгі аралықтағы жолдарды тамыз айында аяқтау жоспарланған.