ШЫМКЕНТ: Тұран ауданында жаңа гүлзарлар мен скверлер салынады

0
284


ШЫМКЕНТ: Тұран ауданында жаңа гүлзарлар мен скверлер салынады

Бүгінде Шымкент қаласындағы Тұран ауданында тұрғындар үшін қолайлы демалыс аймақтарын құру мақсатында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Былтыр Желтоқсан көшесінің бойында (Аэровокзал аумағында) және “Мадлен” мейрамханасы жанында (“Шымкент” қонақ үйі) екі демалыс аймағы пайдалануға беріліп, жасыл желекпен көмкерілген гүлзарлар салынды.

Бұл жұмыстар биыл да жалғасып, Арғынбеков және Бәйтереков көшелері қиылысында жалпы аумағы 0,15 гектарды құрайтын жаңа гүлзардың құрылысы қолға алынады. Гагарин көшесі бойындағы жаңа сквердің және инвестициялық жоба аясында Қабылбеков көшесі бойында заманауи гүлзардың құрылысы жоспарланған.
Бұл жобалар тұрғындардың демалысын, бос уақытын тиімді өткізуге ықпал етеді.
Бөлісу