ШЫМКЕНТ: Тұран шағын ауданындағы 13 көшеде жол құрылысы жүргізіліп жатыр

0
499

Аталған көшелердің жобасына жаяу жүргіншілерге арналған тротуар, веложол және автомобиль жолдарының сызбалары енгізілген.


ШЫМКЕНТ: Тұран шағын ауданындағы 13 көшеде жол құрылысы жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласы Тұран шағын ауданының солтүстік-шығыс бөлігіндегі 13 көшеде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осыған байланысты, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы құрылыс нысандарын аралап, мердігер мекеме тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады.
Аталған көшелердің жобасына жаяу жүргіншілерге арналған тротуар, веложол және автомобиль жолдарының сызбалары енгізілген. Айта кетерлігі, Тұран шағын ауданындағы №1,2,6,7,8,10 көшелердің құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарға қойылған.
Ал, № 3,4,5,9,11,12,13 көшелердің құрылыс жұмыстары 2022 жылға өтпелі. Басқарма басшысы Боранбай Булатбеков құрылыс сапасының жоғары болуын қадағалап, мердігер мекемеге нысанды уақытында аяқтауды тапсырды.